Атап айтсақ, көктемгі бидайды мемлекеттік қорға сатып алу мөлшері 385 мың тоннадан 362,7 мың тоннаға дейін азайтылса, тиісінше, күздік бидайды сатып алу мөлшері 164,9 мың тоннадан 187,2 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. «Қазақстанның азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-ның ақпаратына сәйкес, бұл өзгерістер кәсіпорындардың бір бөлігінің астықты сатуға құлықсыздығынан енгізілді. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорын алдағы түсімге үміт артуда. Жалпы мемлекеттік сатып алу мөлшері бұрынғы қалпында қалады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстанның азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ 2005-жылы түрлі дақылдардан 2,55 млн. тонна астық сатып алмақшы. Соның ішінде 550 мың тонна бидай сатып алу көзделген. Республикалық бюжеттен бұл мақсатқа 6,2 млрд. теңге бөлінеді. Бидайдың бір тоннасына 11 мың 288 теңге мөлшерінде баға белгіленген.