Республика үкіметі дизельдік отын экспортына мұнай өнімдері экспортына экономикалық тиімділік жоқ көлемде кедендік баж көлемін белгіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі дизельдік отын экспортына мұнай өнімдері экспортына  экономикалық тиімділік жоқ көлемде кедендік баж көлемін белгіледі

Республика үкіметі дизельдік отын экспортына мұнай өнімдері экспортына экономикалық тиімділік жоқ көлемде кедендік баж көлемін белгіледі

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Республика үкіметі дизельдік отын экспортына мұнай өнімдері экспортына экономикалық тиімділік жоқ көлемде кедендік баж көлемін белгіледі, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

  • 16 Ақпан 2007
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 және 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына қол қойылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» және «Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы» ҚР үкіметінің екі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Көктемгі және күзгі ауыл шаруашылық дала жұмыстары кезеңінде (жыл сайын 15 ақпан — 15 қазан кезеңінде) дизельдік отын экспортына мұнай өнімдері (дизель отыны мен мазут) экспортының экономикалық тиімділік жоқ көлемде кедендік баж көлемін белгілеу ұсынылады», делінген қаулыда.

Сыртқы рынокта мазуттың бәсекелестігін арттыру мақсатында мазут экспортының қолданыстағы кедендік баждарын төмендету ұсынылып отыр.

ҚР үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары былай белгіленді:дизельдік отынның баждарының ставкалары жыл сайын 15 ақпан мен 15 қазан аралығында 1000 кг. үшін 130 еуро құрайды.

Мазуттың баждарының ставкалары жыл сайын 15 сәуір — 15 тамыз кезеңінде 1000 кг. үшін 15 еуро құрайды.

Қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті