Республика үкіметі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың 2003-2005-жылдарға арналған шаралар жоспарын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі  индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың 2003-2005-жылдарға арналған шаралар жоспарын бекітті

Республика үкіметі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың 2003-2005-жылдарға арналған шаралар жоспарын бекітті

Республика үкіметі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудың 2003-2005-жылдарға арналған шаралар жоспарын бекітті. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының айтуынша, еліміздегі даму институттары түгелдей Стратегия міндеттерін орындауға кірісті. «Қазақстан даму банкі жалпы құны 400 млн. долларды құрайтын инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды қаржыландыруды мақұлдады. Банк бұл қаржының 300 млн. долларын бөлуі тиіс. Қазіргі жағдаймен 160 млн. доллары бөлінді»,- деді үкімет басшысы. Сондай-ақ, «Инвестициялық қор жалпы құны 3 млрд. доллардан асатын 80 инвестициялық жобаны қарауда». Үкімет басшысының айтуынша, «Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру корпорациясы, Маркетингтік-талдау зерттеу орталығы, Инжиниринг және трансферттік технологиялар орталығы тәрізді даму институттары жұмысқа кірісіп те кетті».

Бұған қоса, «инновациялық қызметтің өндірістік инфрақұрылымын құру жұмыстары да қолға алынып отыр». Д.Ахметовтың пайымдауынша, «Алатау ауылындағы «Ақпараттық технологиялар саябағы» арнаулы экономикалық аймағы айрықша маңызды нысандардың бірі болып табылады». Ал бұдан басқа да екі жаңа техносаябақ құрылу сатысында, деді үкімет басшысы.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістер орнатуды ынталандыру үшін техносаябақтар аумағында төтенше салық тәртібі енгізілді, деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар