Республика үкіметі отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттің үлесін арттыруды 2005-жылдың аяғына дейін іске асырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттің үлесін арттыруды 2005-жылдың аяғына дейін іске асырмақшы

Республика үкіметі отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттің үлесін арттыруды 2005-жылдың аяғына дейін іске асырмақшы

Республика үкіметі отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттің үлесін арттыруды 2005-жылдың аяғына дейін іске асырмақшы. Бұл туралы бүгін, 7-қарашада үкімет басшысы Даниал Ахметов парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Біз таяу уақыттарда Шымкент мұнай өңдеу зауытының кем дегенде 50 проценті «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқаруына қайтарылуы үшін қолдан келгеннің бәрін іске асырмақшымыз. Нәтижесінде бағаның қалыптасуына айтарлықтай ықпал көрсету мүмкіндігі жасалады»,- деді үкімет басшысы. Сонымен бірге «үкімет арнайы тапсырма беріп, Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы мемлекеттің үлесін арттыру барысын біз жіті қадағалап отырмыз», деді ол. «Еліміздегі ең таңдаулы мұнай өңдеу кешенінде қалыптасып отырған ахулаға үкіметтің көңілі толмайды»,- деді Д.Ахметов.

«Аталмыш мұнай өңдеу зауытындағы мемлекеттің үлесін арттыруға бағытталған шараларды алдағы бір айда жүзеге асыратын боламыз»,- деді үкімет басшысы.
«Демек, біз осы жылдың аяғында жанар-жағармай нарығында баға саясатының қалыптасуына айтарлықтай ықпал жүргізу мүмкіндігіне ие боламыз. Осы бағытта үкіметтің қолданып жатқан шаралары жеткілікті деп санаймын»,- деді ол.
«Биылғы жылдың аяғында біз жанар-жағармайға баға белгілеу және мұнай өңдеу зауыттарындағы мемлекеттің үлесін арттыру салаларында бірдей ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткіземіз»,- деп атап өтті үкімет басшысы.

Перейти к новостям спорта