Республика үкіметі табиғи монополиялар саласында тарифтерді негіздемесіз өзгерте беруге жол бермейді - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі табиғи монополиялар саласында тарифтерді негіздемесіз өзгерте беруге жол бермейді - үкімет басшысы

Республика үкіметі табиғи монополиялар саласында тарифтерді негіздемесіз өзгерте беруге жол бермейді - үкімет басшысы

Республика үкіметі табиғи монополиялар мен оған жанама салаларда тиісті терең зерттеулер жүргізбейінше тарифтерді негіздемесіз өзгерте беруге жол бермейді. Бүгін, 28-қаңтарда үкімет басшысы Даниал Ахметов өзі басқаратын кабинеттің кеңесінде осындай пікір білдірді.

  • 28 Қаңтар 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Үкімет басшысына электр энергетикасы, темір жол көлігі және телекоммуникация тәрізді экономика саласында тарифтік саясатты қалыптастыру және жалпы мемлекеттік үйлестіруді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы есеп берді.

Өз кезегінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігі кеңеске қатысушыларға табиғи монополиялар саласында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау үшін ұсынды.
Премьер-министр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеудің ағымдағы жағдайына қатысты талдамалық есептерін назарға ала отырып, толықтай алғанда, жасалған жұмысты оң бағалады. Осы орайда, Даниал Ахметов, еліміздің Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жемісті іске асыру мақсатында тарифті жасанды ұстап тұру саясатынан, табиғи монополиялар саласына қатысушы субъектілер мен олардың қызметін тұтынушылардың мүддесі тұрғысынан мәмілеге қол жеткізуге бағытталған, икемді тарифтік реттеуге жоспарлы түрде және біртіндеп өту қажеттігіне тоқталды.
Үкімет басшысының пікірінше, баға және тариф саясатын жетілдіру барысына араласпас бұрын әрбір қадамның ғылыми-экономикалық негіздемесі жасалып, осы салада күрделі зерттеулер жүзеге асырылуы тиіс.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы тиісті министрліктер мен ведомстволарға табиғи монополиялар саласында тарифті дамыту тұжырымдамасының жобасына жан-жақты талдау жасау жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Перейти к новостям спорта