Республика үкіметі Талдықорған қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспарды бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі Талдықорған қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспарды бекітті

Республика үкіметі Талдықорған қаласын дамыту жөніндегі Бас жоспарды бекітті

Республика үкіметі Талдықорған қаласын 2015-жылға дейін дамыту жөніндегі бас жоспарды бекітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Талдықорғанның бас сәулетшісі Малдыбай Қалиев хабарлады.

  • 25 Қараша 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

М.Қалиевтің айтуынша, жаңа Бас жоспардың басты принципі Талдықорған қаласын Алматы облысының әкімшілік орталығы ретінде дамытуға саяды. Жоспар бойынша қала халқының саны 2015-жылға дейін 120 мыңнан 140 мыңға дейін өсуі тиіс.

Облыс орталығы басты екі бағытта, нақтырақ айтсақ, шығысқа қарай Алматы тас жолын бойлай, ал батысқа қарай Қаратал өзенінің батыс жағалауында дамытылуы тиіс. Қаланың орталық бөлігінде магистральдық көшелерді бойлай жеке меншік үйлер бұзылып, олардың орнына көп қабатты үйлер салынады. Жастардың мәдениет орталығы мен Неке сарайы да осы жерде бой көтереді. Талдықорғанның орталық алаңында Алматы облыстық әкімшілігі ғимаратының жанындағы кәсіпорындардың ескі ғимараттарын бұзу ұсынылып отыр. Олардың орнында жаңа Жастар алаңы орнатылады.
Қаратал өзені маңында жаңа ықшамаудан салу жұмыстары аяқталады. Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жерде көп қабатты 7 үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта өзеннің оң жағалауында тағы бес ықшам аудан салу көзделіп отыр. Қалалық билік бұл жерде Қараталды бойлай рекреациялық аймақ орнатуды да межелеген. Бұл жерде жағалау аймағы жайластырылып, саябақ пен хайуанаттар бағы салынады. Сонымен бірге қазіргі бар қалалық аквасаябақ та дамытылады. Талдықорғанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін әкімшілік мұнда көрме орталығын салуды көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта