Республика үкіметі Ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөніндегі 2005-2015-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі Ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөніндегі  2005-2015-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады

Республика үкіметі Ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөніндегі 2005-2015-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады

Бүгін, 21-желтоқсанда Республика үкіметі Ұлттық инновациялық жүйені дамыту жөніндегі 2005-2015-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан.

  • 21 Желтоқсан 2004
  • 2591
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанға ұлттық инновациялық жүйе құру қажеттігі айқын»,- деді отырыста үкімет басшысы Даниал Ахметов. «Бірақ елімізде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғандықтан Ұлттық инновациялық жүйе жалпымемлекеттік ауқымды бағдарламаның бір құрамды бөлігі болуы тиіс»,- деді ол.

Бағдарламаны таныстырған ҚР индустрия және сауда министрінің бірінші орынбасары Гусман Амриннің айтуынша, «ол отандық және шетелдік ғылыми әлеует пен технологиялар трансфертін пайдалану негізінде бәсекелік қабілеті бар ақырғы өнім өндіруді қамтамасыз ете алатын ашық үлгідегі Ұлттық инновациялық жүйе құруды көздейді». «Тікелей немесе жанама қатысу арқылы мемлекетке инновациялық саясатты табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ұлттық инновациялық жүйенің басты элементтері — ғылыми әлеует, инновациялық кәсіпкерлік, инновациялық инфрақұрылым мен қаржылық инфрақұрылым болмақ».
Бағдарлама аясында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды байқау арқылы гранттық қаржыландыру көзделіп отыр. Г.Амриннің айтуынша, бұл нобай бойынша «байқауда жеңіске жеткен зерттеушілер грант түрінде қаржыланады». «Бұл орайда қаржы бақылаусыз оңды-солды тегін таратылмай, зерттеу қорытындысына қатысты мүліктік құқық жоба иесі, ұйым мен мемлекет арасында бөлінеді. Мемлекеттің үлесі 50 проценттен аспауы тиіс»,- деді ол.
«Сондай-ақ өнеркәсіп салаларының ауқымды тауқыметтерін шешуге, бизнестің қызығушылығын тудырып отырған ғылыми сыйымдылығы жоғары өндірістер құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді жеке капиталмен бірлесе қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған». «Бастапқы кезеңде мемлекеттің үлесі қаржыландыру көлемінің 100 процентін құрайды, кейін ол біртіндеп 10-30 процентке дейін қысқарады»,- деді Г.Амрин.
2005-жылдың аяғына дейін өзара мүдде қайшылығы жоқ отандық сарапшылар мен жоғары кәсіби шетелдік мамандарды тарту арқылы сараптама жүргізу тәртібі жобаланды.
Қаржылық инфрақұрылымды дамыту саласында инновациялық жобаларды бастапқы сатыда мемлекет тарапынан қаржыландыру «Ұлттық инновациялық қор» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Қор жаңадан құрылатын компаниялардың жарғылық капиталынан бақылаусыз үлес иемдену арқылы қаржыландырмақ. Г.Амриннің айтуынша, «мемлекет бұл жерде тиісті даму институты арқылы инновациялық жобаға тән тәуекелдерді кәсіпкерлер мен жеке инвесторға бөліп береді». Ұлттық инновациялық қор ғылыми-зерттеу жаңалықтары мен конструкторлық шешімдерді негізгі төрт түрлі грантпен қаржыландырады: атап айтсақ, $5 мыңға дейін жобалау алдындағы гранттар , $55 мың — шағын гранттар, $250 мыңға дейін- ірі гранттар, $50 мыңға дейін шетелдерде патент алуға арналған гранттар берілмек.
Сондай-ақ, 2007-жылға дейін бағдарлама аясында еліміздің түрлі аймақтарында Ұлттық инновациялық қордың көмегімен 12-ден кем емес арнайы мамандандырылған технологиялық бизнес-инкубаторлар құру көзделіп отыр. 2005-жылы қор шетелдік жетекші бизнес-мектептермен және Қазақстандағы бір жоғары оқу орнымен бірлесе отырып инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік саласындағы халықаралық оқыту әдістемесін қолданысқа енгізуге бағытталған пилотты жоба іске қосылады. Сонымен бірге жаңадан құрылатын ұлттық және аймақтық техносаябақтарда білім беру орталықтары ашылады.

Перейти к новостям спорта