Республика үкіметі ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасынан прокурордың құзыретін күшейтетін түзетуді алып тастауға келісті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасынан прокурордың құзыретін күшейтетін түзетуді алып тастауға келісті

Республика үкіметі ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасынан прокурордың құзыретін күшейтетін түзетуді алып тастауға келісті

"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасындағы прокурорларға БАҚ-тар мен діни бірлестіктердің жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу құқықтарын беретін ережелерді алып тастауға республика үкіметі келісті. Бұл туралы бүгін, 4-мамырда мәжілістің жалпы отырысында ҚР әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Мамыр 2005
  • 590
Фото - Caravan.kz

«Депутаттар талқылау барысында бұл түзетулерді қабылдамай тастады. Біз бұл мәселені үкіметпен келістік. Үкімет түзетуді алып тастауға келісті»,- деді З.Балиева.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасын жасаушылар прокурорларға БАҚ-тар мен діни бірлестіктердің жұмысын уақытша тоқтату немесе жабу құқықтарын беруді ұсынған болатын. Әділет министрлігі ұсынған бұл түзетулер қоғамда біраз пікірталас тудырды. Саяси париялар мен бірлестіктердің өкілдері де, халықаралық ұйымдар да оларды қабылдауға қарсылық білдірді.
19-сәуірде мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті заң жобасынан аталмыш түзетуді алып тастады. «Комитет отырысында барлық тыйым және жабу жұмыстарымен сот жүйесі шұ,ылданады деп шешілді. Бұл ұсынысты депутаттар бір дауыстан қолдады»,- деді аталмыш заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Тоқтархан Нұрахметов.

Перейти к новостям спорта