Республика үкіметі Жамбыл су электр станциясына дотация бөлуге шешім қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі Жамбыл су электр станциясына дотация бөлуге шешім қабылдады

Республика үкіметі Жамбыл су электр станциясына дотация бөлуге шешім қабылдады

Жамбыл ГРЭС ААҚ 2004-2005 жылдардағы күз-қыс маусымында іске қосуға қатысты кейбір мәселелер кеше, 28-қазанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен үкіметтік кеңесте қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қазан 2004
  • 508
Фото - Caravan.kz

Кеңесте атап өтілгендей, елімізде электр қуатын тұтынуда жалпы сұраныстың өсуіне орай, оны өндіру балансы Қазақстанның оңтүстік облыстарында тапшылыққа әкеліп соғуда, соның кесірінен отын бағасының қымбаттығына байланысты Жамбыл ГРЭС-іне республикалық бюджеттен демеу қаржы бөлу мәселесін жыл сайын шешуге тура келеді. Проблеманы шешудің бірнеше нұсқасы барын атап өткен үкімет басшысы кез келген жағдайда аймақ халқының мүддесіне нұқсан келмеуі керектігін кеңеске қатысушылар есіне салып өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы тиісті құрылымдарға барлық қажетті құжатты әзірлеуді тапсырды, өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарына электр қуаты нарықтық баға бойынша сатылғаны, халық үшін ол өзгеріссіз қалады. Даниал Ахметов еліміздің оңтүстік өңірінде энергетиканы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу барысында Жамбыл ГРЭС-ін қайта жаңарту перспективасын қарауға тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта