Республика үкіметінде ауыс-түйістер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметінде ауыс-түйістер болды

Республика үкіметінде ауыс-түйістер болды

Республика үкіметінде ауыс-түйістер болып, қаржы және денсаулық сақтау министрлері өзгерді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне республика үкіметіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 639
Фото - Caravan.kz

ҚР қаржы министрі болып 37 жастағы Арман Дунаев тағайындалды. Ол Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген, экономика маманы, экономика ғылымдарының кандидаты. Ірі қаржылық-инвестициялық компанияларда жұмыс істеген. 2000-жылдан бері ҚР қаржы министрлігінде қызмет атқарды. 2001-жылдың мамыр айынан бері қаржы министрінің орынбасары болды.

Бұған дейін ҚР қаржы министрі болған Ерболат Досаев ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ол 1970-жылы Алматыда туған. Алматы энергетика институтын электронды техника инженері мамандығы бойынша бітірген. Еліміздегі ірі коммерциялық компаниялар мен банк құрылымдарында жұмыс істеді. 1998-жылдан бері мемлекеттік қызметте. 1998-жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ҚР үкімет басшысының кеңесшісі қызметін атқарды. 1998-2000-жылдар аралығында энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары болып істеді. 2000-2001-жылдарда қаржы вице-министрі болды. 2001-2003-жылдарда ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы болды. 2003-жылдың маусым айынан бері ҚР қаржы министрі міндетін атқарды.

Соңғы жаңалықтар