ҚР қаржы министрі болып 37 жастағы Арман Дунаев тағайындалды. Ол Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген, экономика маманы, экономика ғылымдарының кандидаты. Ірі қаржылық-инвестициялық компанияларда жұмыс істеген. 2000-жылдан бері ҚР қаржы министрлігінде қызмет атқарды. 2001-жылдың мамыр айынан бері қаржы министрінің орынбасары болды.
Бұған дейін ҚР қаржы министрі болған Ерболат Досаев ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ол 1970-жылы Алматыда туған. Алматы энергетика институтын электронды техника инженері мамандығы бойынша бітірген. Еліміздегі ірі коммерциялық компаниялар мен банк құрылымдарында жұмыс істеді. 1998-жылдан бері мемлекеттік қызметте. 1998-жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ҚР үкімет басшысының кеңесшісі қызметін атқарды. 1998-2000-жылдар аралығында энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары болып істеді. 2000-2001-жылдарда қаржы вице-министрі болды. 2001-2003-жылдарда ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы болды. 2003-жылдың маусым айынан бері ҚР қаржы министрі міндетін атқарды.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Жаңалықтар
19 Сәуiр
Спорт
19 Сәуiр