Республика үкіметінде PetroKazakhstan мен CNPC арасындағы сауда-саттықты болдырмауға мүмкіндігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметінде PetroKazakhstan мен CNPC арасындағы сауда-саттықты болдырмауға мүмкіндігі бар

Республика үкіметінде PetroKazakhstan мен CNPC арасындағы сауда-саттықты болдырмауға мүмкіндігі бар

Егер "Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң 18-қазанға дейін қабылданған жағдайда республика үкіметінде PetroKazakhstan мен CNPC арасындағы сауда-саттықты болдырмауға мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін, 12-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Қазан 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Егер осы 18-қазанға дейін біздің заңымыз қабылданса, онда біз : «айып етпеңіздер, заңымыз қабылданды. Сіздер сауда-саттықты үкіметпен келіспей іске асырдыңыздар. Біздің құқығымыз артықшылыққа ие», дегенді алға арта аламыз»,- деді В.Школьник.
Сонымен бірге В.Школьник PetroKazakhstan компаниясының акцияларын сату туралы мәселе 18-қазанда Калгари қаласында өтетін акционерлердің жиналысында шешілетінін еске салды. «PetroKazakhstan компаниясының басқарушылары ұсынып отырған саудасаттықты акционерлердің 66,6 проценті қолдайтын болса, онда компания шешімді күшіне енді деп санайды»,- деді министр.
«Қандай жағдайда да осынау стратегиялық маңызы бар нысаннан Қазақстан өзіндік үлес иемденіп, кеніштерде іске асырылып жатқан шешімдерге түрлі әдіс-тәсілдермен ықпалын жүргізуге тиіс»,- деп санайды В.Школьник. «Мүмкіндік бар кезде біз осындай жағдайға қол жеткізуге тырысатын боламыз»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 18-қазанында PetroKazakhstan Inc. компаниясы акционерлерінің арнайы жиналысы Калгари қаласында өтеді. Онда акционерлер компанияның қарапайым акцияларын түгелдей Қытайдың CNPC компаниясының еншілес кәсіпорны — CNPC International Ltd-ге сату туралы ұсыныс — келісімге байланысты дауыс береді. Сауда-саттықтың жалпы құны 4,18 млрд. долларға (бір акцияны 55 долларға) бағаланып отыр.
Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізу және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заңды қабылдады. Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта