Республика үкіметінде президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметінде  президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау барысы талқыланды

Республика үкіметінде президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау барысы талқыланды

Бүгін, 30-наурызда өткен үкімет кеңесінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау барысы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бірқатар министрлік пен ведомство басшылары үкімет басшысының алдында бекітілген желілік кесте аясында атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы айға белгіленген шаралар жайлы жан-жақты ақпараттарын ұсынды.

Кеңесте әсіресе барлық атқарушы органдардың желілік кестеде көрсетілген шараларды мерзімінде және нақтылы орындауы атап өтілді.
Үкімет басшысы жергілікті атқарушы органдар үшін ауқымды жұмыстарды атқаруға тура келетініне тоқталып өтті. Жолдауда алға қойылған міндеттердің мерзімінде және нақтылы іске асырылуы жергілікті жерде қалай және қаншалықты сапалы орындалуына байланысты болмақ.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы кеңсесінің басшысы Алтай Тілеубердинге, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың басшыларына жалпыұлттық жоспарды мерзімінде орындауға қатысты нақты тапсырмалер берілді.
Даниал Ахметов уәкілетті органдардың басшыларынан «науқаншылдық пен ойланбай әрекет етуден бас тартып», кешенді жалпыұлттық жоспарды сапалы іске асыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруды талап етті.

Перейти к новостям спорта