Республика үкіметінің халықаралық мұнай компанияларына қойып отырған талаптары Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етеді - Ұлыбритания елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметінің халықаралық мұнай компанияларына қойып отырған талаптары Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етеді - Ұлыбритания  елшісі

Республика үкіметінің халықаралық мұнай компанияларына қойып отырған талаптары Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етеді - Ұлыбритания елшісі

Республика үкіметінің халықаралық мұнай компанияларына қойып отырған талаптары Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етеді. Бұл туралы бүгін, 10-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлыбританияның Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джеймс Шарп пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2005
  • 517
Фото - Caravan.kz

Д.Шарптың айтуынша, » үкімет пен PetroKazakhstan және Теңізшевройл компанияларының арасындағы проблемалар осындағы инвестициялық ахуалдан нені күтуге болатынын дүниежүзіне паш етпек».

«Батыстағы БАҚ-тар жария ететін Қазақстан үкіметі мен мұнай компаниялары арасында ұдайы пайда болатын шиеленіс туралы ақпараттар республикаға болашақта келуге пейілді компаниялардың саясаты мен шешімдеріне нұқсан келтіре алады»,- деді ол.
«Ірі мұнай компаниялары дүниежүзінің шартарабындағы түрлі елдерде күрделі жағдайларда жұмыс істеп үйренген. Сондықтан олар ақшаны күректеп тапқысы келетін үкіметтер үшін оңай жолмен қолға келетін май шелпек екендерін біледі»,- деп пайымдайды Д.Шарп.
Сонымен бірге Ұлыбритания елшісі Қазақстан экономикасын жеке меншік сектордың, соның ішінде шетелдік инвесторлардың инвестициясын әкелу арқылы ғана диверсификациялаға болатынын мәлімдеді. Д.Шарптың пайымдауынша, осындай инвестиция тарту үшін ел ішінде инвестициялық саясаттың әлемдік ағымдарына сай келетіндей қолайлы жағдай жасалуы қажет.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандағы мұнай және газ кеніштерін игеру жөніндегі орталық комиссия Теңіз және Королевское мұнай кеніштерін игеру ережелерін өрескел бұзу оқиғаларын тіркеген. Осыған байланысты комиссия беті ашылған кемшіліктерді жою және кеніштердегі жағдайды алты ай мерзімде қайтадан қарау туралы қатаң талап қойған. Сонымен бірге комиссия ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі комитеті белгілеген ілеспе газды жағуға тыйым салу деңгейіне сәйкес Құмкөл кенішінде мұнай және газ өндіру мөлшеріне шектеу қойды.

Перейти к новостям спорта