Республика үкіметінің мүшелері Атырау облысындағы мұнай төгілу оқиғалары бойынша әрекет ету жөніндегі Солтүстік Каспий базасының құрылысы салынатын жерді көрді
Атырау. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкіметінің мүшелері бүгін Атырау облысына жұмыс сапары барысында облыстағы мұнай төгілу оқиғалары бойынша әрекет ету жөніндегі Солтүстік Каспий базасының құрылысы салынатын жерді көрді, "Аджип ККО" компаниясына тиесілі бұл база қала іргесіндегі Дамба кентінде салынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімдікке сілтеме жасап. |
Жұмыс барысында үкімет мүшелері осы нысанды салуға ұсынылған балама жерлерді де аралап көрді. Үкімет мүшелері сонымен бірге Атырау облысында жұмыс істейтін отандық және шетелдік компаниялардың қызметіне қатысты проблемаларға арналған кеңеске қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін