Республикада 29 019 шағын су кемесі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикада 29 019 шағын су кемесі тіркелді

Республикада 29 019 шағын су кемесі тіркелді

Қазақстанда 1 шілдеге дейін Көліктік бақылау комитетінде тіркелген шағын көлемді су кемелерінің 17223-і өзі жүретін, ал 11 796-сы өзі жүрмейтін көліктер.

  • 11 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Көліктік бақылау комитетінің су көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы Арлан Закарьянов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Алматы облысы мен Алматы қаласында тіркелген 5664 су кемелерінің 5011-і өзі жүретін, 663-і өзі жүрмейтін көлік. Оның ішінде Алматыда 2773 шағын көлемді су кемелері бар. Алғашқы жарты жылдықта өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шағын көлемді су кемелері 10 пайызға өсіп, 2,5 мыңға ұлғайды. Ал 2001 жылдан бері олардың саны 3 есеге өсті», — дейді Арлан Закарьянов. Оның айтуынша, шағын көлемді су кемелерінің көбеюімен бірге олардың қатысуымен болатын көлік оқиғалары да арта түсуде. Жыл сайын Көлікітк бақылау комитетінде қауіп-қатердің алдын алуға және оны ескертуге бағытталған арнайы іс-шаралар өтеді. Ол жүзу маусымы басталғаннан кейін барлық демалыс орындарын қамтиды.

Соңғы жаңалықтар