Республикада барлық көпқабатты тұрғын үйдің 32 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді

Оның айтуынша, әлемдік статистика бойынша, күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үй қорының көрсеткіші 10 пайызды құраса, ол жақсы көрсеткіш болып саналады.

«Елбасының Жолдауына сәйкес 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті 32-ден 22 пайызға азайту көзделіп отыр. Ал 2020 жылға қарай оны 10 пайызға дейін түсіру мақсатын қойып отырмыз», - деді ол.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда көпқабатты 172 мың тұрғын үй бар.