Республикада тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (2012 жылғы 1 қазаннан) еліміз бойынша 308 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 жағдай маусымдық тұмау. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға төмен. |
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымдық тұмау жағдайлары Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларында тіркелді.
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап тұмауға қарсы 1 млн. 310 мыңнан астам адам егілді. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 364 мыңға жуық болса, 75 мыңын жүкті әйелдер құрады. Вакцинациядан кейін асқыну тіркелген жоқ.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде В типті, А H1N1 типті, А H3N2 типті маусымдық тұмау, сондай-ақ, тұмау вирустарына жатпайтын вирустар айналымы анықталды (аденовирустар, риносинтициалды және парагрип вирустары).
Әлемдегі тұмауға қатысты жағдайға келсек, «Синьхуа» агентігінің мәліметінше, Қытай Халық Республикасында тұмаумен сырқатанушылықтың көтерілуі байқалады. 2012 жылғы желтоқсанның 24-нен бастап 30-на дейін 1 040 000 ЖРВИ-мен ауырған адам тіркеліп, 28,5 мың адамда тұмау вирусы анықталды. Оның ішінде А H1N1типті вирус басым.
Қытай мамандарының бағалауы бойынша, Бейжіңде А H1N1 тұмауынан осы инфекцияға қарсы егілмеген 22 және 65 жастағы екі әйел қаза болған.
ҚР ДСМ МСЭҚ комитеті вакцинация - тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі екендігін еске салады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін