Жарияланды: 420

Республикадағы эпидахуал тұрақты

Республикадағы эпидахуал тұрақты, деп ҚР денсаулық министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«2011 жылдың бірінші жартыжылдығында халық арасында тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, дифтерия, полиомиелит, трихенеллез, аусыл ауруларымен ауырған оқиғалары тіркелмеді», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда. Денсаулық министрлігі ботулизммен ауру көрсеткішінің 4,3 есеге, түйнемемен ауру 2 есеге, сальмоноллезбен ауру - 35,6 %, өткір гепатиттермен ауру - 30,1%-ға, қышымамен ауру - 19,7%, шигеллез - 16,1%, бруцеллез -15,7%, бактериалдық дизентериямен - 15,0%, ішек ауруларымен - 13,1%, тыныс жолдарының туберулезімен ауру -11,7%, эхинококкоз - 8,9%, ВИЧ инфекциясымен ауру - 5,8% төмендеген. Хабарда айтылғандай, биыл дер кезінде жүргізілген профилактикалық шаралар арқасында Конго-қырым қанды безгегімен (КҚҚБ) ауру былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 2,8 есеге кеміген. 11 шілдедегі жағдай бойынша республикада КҚҚБ жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелген. (2010 жылы - 17 оқиға).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін