Республикадағы эпидахуал тұрақты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикадағы эпидахуал тұрақты

Республикадағы эпидахуал тұрақты

Республикадағы эпидахуал тұрақты, деп ҚР денсаулық министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2011
  • 408
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың бірінші жартыжылдығында халық арасында тырысқақ, оба, туляремия, паратиф, дифтерия, полиомиелит, трихенеллез, аусыл ауруларымен ауырған оқиғалары тіркелмеді», — делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Денсаулық министрлігі ботулизммен ауру көрсеткішінің 4,3 есеге, түйнемемен ауру 2 есеге, сальмоноллезбен ауру — 35,6 %, өткір гепатиттермен ауру — 30,1%-ға, қышымамен ауру — 19,7%, шигеллез — 16,1%, бруцеллез -15,7%, бактериалдық дизентериямен — 15,0%, ішек ауруларымен — 13,1%, тыныс жолдарының туберулезімен ауру -11,7%, эхинококкоз — 8,9%, ВИЧ инфекциясымен ауру — 5,8% төмендеген.

Хабарда айтылғандай, биыл дер кезінде жүргізілген профилактикалық шаралар арқасында Конго-қырым қанды безгегімен (КҚҚБ) ауру былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 2,8 есеге кеміген.

11 шілдедегі жағдай бойынша республикада КҚҚБ жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелген. (2010 жылы — 17 оқиға).

Соңғы жаңалықтар