Қызықты да тартымды өткен айтыстың нәтижесі бойынша I орынға және «Еліміздің бас ақыны» мәртебесіне белгілі ақын-айтыскер Аманжол Әлтаев ие болса, Айнұр Тұрсынбаева, Бекарыс Шойбеков және жас ақын Жандарбек Бұлғақов II-III орындарға ие болды. Айтыстың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының атынан барлық жеңімпаздарға су жаңа автокөліктер сыйға тартылды. Сондай-ақ Әлібек Серғалиев, Сара Тоқтамысова, Еркебұлан Қайназаров және Сырымбек Сәрсембаев сынды от ауызды, орақ тілді ақындарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.