Республикалық "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева партияның Алматыда басталған бірінші құрылтайын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева партияның Алматыда басталған бірінші құрылтайын ашты

Республикалық "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева партияның Алматыда басталған бірінші құрылтайын ашты

Бүгін, 31-қаңтарда Алматыда Республикалық "Асар" партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева партияның бірінші құрылтайын ашты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қаңтар 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Құрылтайға қатысушыларға арнаған өз сөзінде ол «бүгінгі күн — партияның болашақ жұмыстарына негіз қалау үшін маңызды шешімдер қабылдайтын күн»,- деп атап көрсетті. Д.Назарбаева құрылтайға қатысушылардың жұмысына табыс тіледі.

Құрылтайға еліміздің әр түкпірінен келген 400 өкіл қатысуда.
Құрылтайда «Асар» партиясының бағдарламасын қарап бекіту, сондай-ақ, партияның таяу болашаққа межеленген жоспарларын айқындау көзделіп отыр. Құрылтай барысында сондай-ақ, тіркеу мерзімінде партияны қолдаушылардың қолын жинауда айрықша белсенділік танытқан науқан қатысушылары марапатталады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, республикалық «Асар» партиясы ҚР әділет министрлігінде өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген болатын. Қол жинау науқаны кезінде «Асар» партиясына мүшелікке өтуге ниет білдірген 167 мың өтініш келіп түсті.
Партия Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған бағыт-бағдарды жан-жақты қолдауды өзінің басты миссиясы деп санайды. Партияның басты мақсаты — қуатты экономикасы мен жоғары деңгейде дамыған азаматтық қоғам институттары бар демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру. «Асарлықтардың» пайымдауынша, елімізді модернизациялаудың басты алғышарты — президенттік билікті нығайту, демократиялық бостандықтарды қолдау, азаматтық қоғамға тән институттарды дамыту, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіне қоғамдық бақылау қою жүйесін құру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономиканың шикізатқа бағыныштылығын жою және өнеркәсіпті дамыту болмақ.

Соңғы жаңалықтар