Республикалық бюджет жобасын парламентте екінші оқылымда қарау 28-қарашаға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджет жобасын парламентте екінші оқылымда қарау 28-қарашаға белгіленді

Республикалық бюджет жобасын парламентте екінші оқылымда қарау 28-қарашаға белгіленді

2004-жылғы республикалық бюджет жобасын парламентте екінші оқылымда қарау 28-қарашаға белгіленді. Қос палаталы парламенттің бірлескен отырысын шақыру осы күнге орайластырылды. Бүгін, 26-қарашада қос палата депутаттарының басым көпшілігі бұл шешімді қолдап дауыс берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Қараша 2003
  • 405
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, парламент палаталарының бүгінгі бірлескен отырысында бюджет жобасын екінші оқылымға дайындау жөніндегі бірлескен комиссия құрылып, оған сенат депутаты Мүсірәлі Өтебаев төрағалық жасайтын болды. Комиссияға Жабайхан Әбділдин, Александр Гусинский, Еділбай Иманқұлов, Нүсіпжанжан Нұрманбетов, Елеусин Сағындықов, Бексұлтан Тұтқышев сынды сенат депутаттары мен Серікболсын Әбділдин, Асқар Бейсенбаев, Асқар Қабанбаев, Сәния Қалдығұлова, Төлебек Қосмамбетов, Ержан Рахметов және Мұхтар Тінікеев тәрізді мәжіліс депутаттары мүше болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар