«Агроөнеркәсіптік кешенді бюджеттен несиелендіру көлемі анағұрлым артты. Соңғы екі жылда бұл көрсеткіш екі есе өсіп, 14,6 млрд. теңгеден асты»,- деді министр. «2004-жылы республикалық бюджеттен көктемгі далалық және астық ору науқандарына 5,5 млрд. теңге жұмсалды. 2003-жылы бұл мақсатқа 4,5 млрд. теңге бөлінген болатын. Ал 2005-жылы 7 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр»,- деді С.Үмбетов.
Сондай-ақ, 2004-жылы ауылдардағы несиелік серіктестіктер арқылы ауылшаруашылығы өндірісін несиелендіруге 2,2 млрд. теңге, ал 2003-жылы 1,4 млрд. теңге бөлінді. «Бүгінде республиканың 13 облысында 90 серіктестік құрылған. Олардың құрамына 3 мыңнан астам ауылшаруашылық құрылымдары енеді. 2005-жылы ауылдарда қосымша 41 несиелік серіктестіктер құрылады. Бұл республика аудандарын жаппай жүйеге қамтуға мүмкіндік береді»,- деді С.Үмбетов.
Министрдің мәліметіне сәйкес, соңғы төрт жылда өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан салынған инвестиция көлемі 3,5 есе өсіп, 2004-жылы 27 млрд. теңгені құрады. «Өсімдік шаруашылығын қолдауға бөлінген қаржыны шартты түрде егістік алаңына бөлетін болсақ, республика бойынша орташа есеппен 2004-жылы әрбір гектарға 1,2 мың теңге немесе 8,6 доллар, ал 2001-жылы 1,7 доллар бөлінді»,- деді ол.
«Мемлекеттік инвестиция егін шаруашылығы жағдайын жақсартуға, ғылыми агротетехнологияларды қолдануға, саланы техникалық жабдықтауға, мемлекеттік қорға астық сатып алуға бағытталады»,- деді министр.