Зертханаларды жабдықтау үш кезеңмен жүзеге асырылады, деді А.Белоног. 2005-жылы бірінші кезеңде Республикалық СЭС, 2006-жылы СЭС-тің облыстық орталықтары, 2007-2008-жылдарда қалалық және аудандық орталықтарға қаржы бөлінеді. Республикалық СЭС-тің зертханаларын жаңалауға биыл 85 млн. теңге бөлінеді.
А.Белоногтың айтуынша, 2005-жылы мемлекеттік шекаралардағы темір жол бекеттерінде 20, ал халықаралық әуе рейстерін қабылдаушы әуежайларда 6 санитарлық-карантиндік бөлімшелер ашылды. «ТМД елдерінің арасынан Қазақстанда алғаш рет санитарлық-эпидемилогиялық қызметті осындай ауқымда реформалау жүзеге асырылды. Қазақстанның санитарлық-эпидемилогиялық қызметін реформалау тәжірибесі ТМД өкілдерінің халықаралық үйлестіру кеңесінде талқыланып, бір дауыстан мақұлданды»,- деді бас санитарлық дәрігер.