Республикалық бюджеттік комиссия аймақтардың 2004-жылға арналған даму бюджетін қарауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджеттік комиссия аймақтардың 2004-жылға арналған даму бюджетін қарауға кірісті

Республикалық бюджеттік комиссия аймақтардың 2004-жылға арналған даму бюджетін қарауға кірісті

Республикалық бюджеттік комиссия аймақтардың 2004-жылға арналған даму бюджетін қарауға кірісті,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметінен. 6-қазанда үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен комиссияның 22-отырысында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астананың даму бюджеттері қаралды.

  • 7 Қазан 2003
  • 401
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында атап көрсетілгеніндей, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының даму бюджетіндегі болжамдар тиісінше 83 және 75 процентке артығымен орындалса, керісінше, Қостанай облысы мен Астананың бюджет болжамы 5,4 және 25,8 процентке төмендейді деп күтілуде.

Бұл сандарға түсініктеме берген Д.Ахметов әрбір облыс білім беру және денсаулық сақтау саласындағы тауқыметтерін шешу үшін облыстағы нақты сұранысқа сәйкес мақсатты трансферттер алуға тиіс екенін атап өтті.
Осыған байланысты үкімет басшысының айтуынша, қазіргі таңда еліміздің әртүрлі аудандарындағы әлеуметтік мақсаттағы нысандарды салу процессін оңтайландыру үшін республика бойынша осындай нысандарға нақты сұранысты обьективті бағалау қажеттігі туындап отыр.

Комиссияда сөз сөйлеген аймақ басшыларына білім беру, денсаулық сақтау, су қамтамасыздығы, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылым және жол құрылысы саласына даму бюджетінен жұмсалатын қаржы үлесін арттыру мәселесін қарау жөнінде нұсқау берілді. Сонымен бірге, Д.Ахметов облыс басшыларына мемлекеттік инвестиция саласындағы басымдық берілген мақсаттарға сәйкеспейтін нысандарды салудан бас тарту қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар