Республикалық бюджеттің көрсеткіштері Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде тартылатын $5 млрд көлеміндегі сомаға нақтыланды - Сұлтанов - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық бюджеттің көрсеткіштері Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде тартылатын $5 млрд көлеміндегі сомаға нақтыланды - Сұлтанов

Республикалық бюджеттің көрсеткіштері Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде тартылатын $5 млрд көлеміндегі сомаға нақтыланды - Сұлтанов

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджеттің көрсеткіштері Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде тартылатын $5 млрд көлеміндегі сомаға нақтыланды. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 583
Фото - Caravan.kz

«Тұтастай алғанда, республикалық бюджеттің көрсеткіштері Ұлттық қордан «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының жарғылық капиталын жасақтауға мақсатты трансферт түрінде тартылатын 607,5 млрд теңге ($5 млрд) көлеміндегі сомаға нақтыланды және нәтижесінде түсімдері — 3 трлн 337 млрд теңге (Жалпы ішкі өнімге шаққанда 21%), шығыстары — 3 трлн 671 млрд теңге (Жалпы ішкі өнімге шаққанда 23,1%), тапшылық бұрынғы бекітілген деңгейде қалып, 334,4 млрд теңге (жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,1%) құрайды», — деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында Стресті активтер қорының капиталын құруға бағытталған шараларды қамтиды. «Бұл мақсатпен еліміздің экономика министрілігі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және қаржы министрлігімен бірлесіп, ревизия жүргізді, соның нәтижесінде республикалық бюджеттің шығындары қысқартылды, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша 32 млрд теңге көлемінде бюджет қаржысының игерілмей қалу мүмкіндігі мен кезек күттірмес қажеттілікке деп арнаған үкіметтік резервтен 20 млрд теңге ескерілді», — деді ол.

«Соның нәтижесінде Стресті активтер қорының капиталын құруға 52 млрд теңге жұмсалып, оның көлемі 2009 жылы $1 млрд жеткізіледі», -деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар