Республикалық гвардия басшыларына электронды цифрлық қолтаңбасы бар контейнерлер тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық гвардия басшыларына электронды  цифрлық қолтаңбасы бар контейнерлер тапсырылды

Республикалық гвардия басшыларына электронды цифрлық қолтаңбасы бар контейнерлер тапсырылды

АСТАНА. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Республикалық гвардияда ұйымдастырған жиыны барысында агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиев гвардия қолбасшысы Абай Тасболатовқа және оның орынбасарларына жеті электронды цифрлық қолтаңбалы контейнер табыс етті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 621
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, енді Қазақстанның Республикалық гвардиясы өзге мемлекеттік органдарға құжаттарға электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойып жөнелте алады.

Республикалық гвардия оқу тәжірибеден өткеннен кейін, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен, ҚР әділет министрлігімен, ҚР көлік жіне коммуникация министрлігімен, ҚР индустрия және сауда министрлігімен , ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, ҚР білім және ғылым министрлігімен, ҚР денсаулық сақтау , төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерімен , ҚР орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесімен, Есеп комитетімен, ҚР ақпараттандыру және байланыс Агенттігімен ведомствоаралық электронды құжат алмастыруға қосыла алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта