Республикалық инновациялық қор Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы техносаябақта жүзеге асыруға 20 ғылыми жоба ұсынбақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық инновациялық қор Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы техносаябақта жүзеге асыруға 20 ғылыми жоба ұсынбақшы

Республикалық инновациялық қор Алматы іргесіндегі Алатау ауылындағы техносаябақта жүзеге асыруға 20 ғылыми жоба ұсынбақшы

"Республикалық инновациялық қор" ЖАҚ Алматы іргесінде орналасқан Алатау ауылындағы техносаябақта жүзеге асыруға 20 ғылыми жоба ұсынбақшы. Бұл туралы бүгін, 21-қазанда Алматыда өткен "Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық даму" атты конференцияда ЖАҚ басқармаларының төрағасы Асығат Жабағин хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 758
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматының іргесіндегі Алатау ауылы ҚР Ұлттық ядролық Орталығы кәсіпорындарының негізінде арнайы ақпараттық техносаябақ құруға бағытталған шешімді республика үкіметі 2003-жылы бекітілген «Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» аясында қабылдаған болатын. Бұл техносаябақ ақпараттық технологияларды дамытуға мамандандырылумен бірге Ұлттық ядролық Орталықтың негізгі кәсіптік бағытына жататын жоғары технологиялық қолданбалы ядролық технологиялар және радионуклидтерді медицина мен өнеркәсіпте пайдалану саласындағы жұмыстарды атқаруы тиіс.

Алатаудағы техносаябақты дамыту тұжырымдамасын Германияның Siemens компаниясы жасауда. Тұжырымдама жобасы 2003-жылдың желтоқсан айында ортаға салынады деп межеленген. А.Жабағинның хабарлауынша, алдын-ала мәліметке жүгінсек, Siemens компаниясы техносаябақтың іс-қызметіне қатысты шығындардың 50 процентін шығаруға дайын. Алайда компания ол үшін өз инновацияларын дамытуға мүмкіндік беруді талап етіп отыр.
А.Жабағинның пікірінше, отандық ғалымдардың қолданбалы зерттеулерін қаржыландыру схемасын үкімет жасауы қажет. Бұл даму институттарының қаржылық үлесі 10 процентке дейінгі көлемді иемденетін венчурлық қорлар жүйесінің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Осындай жағдайда ғана қорға қатысушы банктер ғылыми жобаларды жедел түрде жүзеге асыруға мүдделілік танытатын болады. Ал өз кезегінде мемлекеттік даму институттары техносаябақтарды , сондай-ақ, жеке бизнес үшін шығындар мүлдем ақталмайтын ғылым мен өндіріс арасындағы бірегей көпір іспетті конструкторлық бюроларды дамытуға баса назар аударуы қажет.
Тұтастай алғанда Республикалық инновациялық қор әріптестікке ниет білдірген кәсіпорындарға қазақстандық ғалымдардың әлемдік деңгейдегі әр саладағы 50-ден астам ғылыми жобасын ұсынуға дайын. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық, Карнеги және Сорос қоры тәрізді халықаралық қорлардың көмегімен келешегі зор 20 ғылыми жоба қаржыландырылды. Өз кезегінде қор жоба авторларының шетелдердегі санаткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Осындай шаралардың арқасында Қарағандының «Фитнес» ҒЗИ жергілікті жусанның негізінде дәрі жасап шығарғаны үшін 1 млн. доллар алды. Қазір ҒЗИ бұл қаржыға тағы да 20 препарат жасап шығару мақсатындағы зерттеулерді жүзеге асырып, емдеу орталығын салуда. Сондай-ақ, отандық ғалымдар жасап шығарған ассорбенттер көмегімен жердің тұзданған бөлігін тұздан арылтуға арналған «құрғақ мелиорация » атты технологияны атауға болады. Өңделген күкірттің негізінде күкіртті бетон, күкіртті асфальт, құрылыс конструкциялары тәрізді материалдар жасау бағытында да пәрменді жұмыстар жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар