Республикалық комиссияның отырысында 87 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық комиссияның отырысында 87 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Республикалық комиссияның отырысында 87 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында 87 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды.

  • 7 Тамыз 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен аталған отырыстан кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

«Бүгін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Соның ішінде «Болашақ» стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Осы жоспарда бірқатар жаңа бастамалар қабылданды», — деді орталық басшысы. 
Оның сөзіне қарағанда, отырыс барысында «Болашақ» стипендиясын дамыту, Split-PhD бағдарламасы мәселесі, сондай-ақ бірқатар жаңа бастамалар қамтылды. Сонымен қатар жиында кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері, азаматтардың өтініштері қаралды.

Соңғы жаңалықтар