Республикалық маңыздағы барлық жолдар ашық
Еліміздің республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды. |
Атап айтқанда, сағат 17.00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Алматы облысындағы "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті - Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынған болатын.
Бұдан бөлек, Павлодар облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылған еді.
Сонымен қатар аталған уақыттан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына шектеу қойылды. Ал, сағат 18:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Қарағанды облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктерінің жолға шығуына тыйым салынған болатын. Бұл жолдардың барлығы бүгін таңертеңнен бастап ашылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін