Республикалық маңыздағы бірқатар жолдар ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық маңыздағы бірқатар жолдар ашылды

Республикалық маңыздағы бірқатар жолдар ашылды

ШҚО аумағындағы республикалық маңыздағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысы жанданды.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК- ның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысындағы боранға байланысты 21 желтоқсан сағат 09.40 бастап «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

2012 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 15.00-ден бері «Сарыөзек-Көктал» жолының 40-65 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрлеріне жолға шығуға тыйым салынған болатын. 27 желтоқсан сағат 01.00-ден бастап жол ашылды.

26 желтоқсан сағат 01.20-дан бері қалың қардың түсуіне орай «Алматы-Көкпек-Көктал-Хоргос» жолының 125-165 шақырымының «Шелек-Көкпек» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Кеше сағат 20.50 бастап бұл жолда көлік қозғалысы жанданды.

Ал Жамбыл облысындағы қолайсыз ауа райы салдарынан 26 желтоқсан сағат 21.15 бастап «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 528-593 шақырымындағы «Айша бибі — Оңтүстік Қазақстан облысы» аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлері үшін жол жабылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында қалың қардың түсуіне байланысты 26 желтоқсан сағат 20.00-ден бастап «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 632-658 шақырымындағы «Жаскешу- Машат өткелі» аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Павлодар облысы аумағындағы боран салдарынан 26 желтоқсан сағат 08.10-нан бастап «Омбы-Майқапшағай» жолының 526-587 шақырымындағы «Лебяжье-Шығыс Қазақстан облысы» учаскесі аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 07.30-дан бастап шектеу алынды.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысындағы боранға байланысты 25 желтоқсан сағат 17.00 бастап «Алматы-Өскемен» жолының 778-1074 шақырымындағы «Аягөз-Қасым Қайсенов ауылы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Кеше сағат 16.40 бастап жол ашылды.

Ал 25 желтоқсан сағат 20.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына «Семей-Қайнар» жолының 8-284 шақырымында, «Өскемен-Семей» жолының 0-198 шақырымы аралығында жол жабылған болатын.Бүгін сағат 07.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.

2012 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 22.00 бастап «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-733 шақырымы аралығында қоғамдық және жүк автокөліктерінің түрлері үшін жолға шығуға шектеу қойылды. Бүгін сағат 07.30 бастап шектеу алынды.

2012 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 22.00 бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Қаракөз-Аягөз-Бұғаз» жолының 320-704 шақырымындағы «Қарағанды обл — Аягөз» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. 27 желтоқсан сағат 07.30 бастап шектеу алынды.

25 желтоқсан сағат 23.30 бастап «Өскемен-Шемонайха-РФ шекара» жолының 0-123 шақ аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған еді. Бүгін таңертеңнен бері көлік қозғалысы жанданды.

26 желтоқсан сағат 08.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» жолының 6-337 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. 27 желтоқсан сағат 08.30 бастап жол ашылды.

Сонымен қатар 26 желтоқсан сағат 10.00 бастап «Өскемен-Риддер-РФ шекара» жолының 15-105 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын. 27 желтоқсан сағат 07.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.