Жарияланды: 410

Республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды - «Қазақавтожол»

Республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды - «Қазақавтожол»

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 23 желтоқсан күні республикалық маңызы бар бірқатар жолдарға шектеулер енгізілді.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМҚК-дан хабарлады. Мәселен, Ақмола облысында сағат 10 жарымнан бастап (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Астана-Петропавл» автожолының 17-109 шақырымы аралығындағы, «Астана қаласы-Ақкөл» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Сағат 10.30-дан бастап (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1247-995 шақырымы аралығындағы, «Астана қаласы-Атбасар» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол жабық. Сағат 11.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты қоғамдық көліктердің облыстан шығатын барлық жолдармен қозғалысына шектеу қойылды. Алматы облысында 21 желтоқсан күні көліктің барлық түрлері үшін жабылған «Ұшарал-Достық» тас жолының 93-184 шақырымы аралығындағы учаскесі әлі де ашылмады. Ал бүгін, сағат 11.00-ден бастап жаңбыр, мен көктайғақтың болуы себепті «Алматы-Өскемен» автожолының 78-319 шақырымы аралығындағы, «Қапшағай бекеті-Талдықорған бекеті» учаскесі барлық автокөліктер үшін жабылды. Сондай-ақ сағат 12.00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 78-558 шақырымы аралығындағы, «Қапшағай бекеті-Үшарал бекеті» учаскесімен қозғалыс барлық көліктер үшін шектелді. Сағат 12.00-ден бастап жаңбыр мен көктайғақтың болуы себепті «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының 59-143 шақырымы аралығымен көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды. Ауа райының осындай жағдайына байланысты сонымен қатар, сағат 12.00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 2436-2214 шақырым аралығы барлық автомашиналар үшін жабылды. Жамбыл облысында күндізгі сағат 12.00-ден бастап ауа райының бұзылуынан (Алматы облысында жаңбыр мен көктайғақтың болуынан) «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының 160-143 шақырымы, «Отар-Алматы облысының шекарасы» учаскесімен қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін