Республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды - «Қазақавтожол» - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды - «Қазақавтожол»

Республикалық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды - «Қазақавтожол»

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 23 желтоқсан күні республикалық маңызы бар бірқатар жолдарға шектеулер енгізілді.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМҚК-дан хабарлады.

Мәселен, Ақмола облысында сағат 10 жарымнан бастап (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Астана-Петропавл» автожолының 17-109 шақырымы аралығындағы, «Астана қаласы-Ақкөл» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сағат 10.30-дан бастап (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1247-995 шақырымы аралығындағы, «Астана қаласы-Атбасар» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Сағат 11.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты қоғамдық көліктердің облыстан шығатын барлық жолдармен қозғалысына шектеу қойылды.

Алматы облысында 21 желтоқсан күні көліктің барлық түрлері үшін жабылған «Ұшарал-Достық» тас жолының 93-184 шақырымы аралығындағы учаскесі әлі де ашылмады.

Ал бүгін, сағат 11.00-ден бастап жаңбыр, мен көктайғақтың болуы себепті «Алматы-Өскемен» автожолының 78-319 шақырымы аралығындағы, «Қапшағай бекеті-Талдықорған бекеті» учаскесі барлық автокөліктер үшін жабылды.

Сондай-ақ сағат 12.00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 78-558 шақырымы аралығындағы, «Қапшағай бекеті-Үшарал бекеті» учаскесімен қозғалыс барлық көліктер үшін шектелді.

Сағат 12.00-ден бастап жаңбыр мен көктайғақтың болуы себепті «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының 59-143 шақырымы аралығымен көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Ауа райының осындай жағдайына байланысты сонымен қатар, сағат 12.00-ден бастап «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 2436-2214 шақырым аралығы барлық автомашиналар үшін жабылды.

Жамбыл облысында күндізгі сағат 12.00-ден бастап ауа райының бұзылуынан (Алматы облысында жаңбыр мен көктайғақтың болуынан) «Алматы-Ташкент-Термез» күре жолының 160-143 шақырымы, «Отар-Алматы облысының шекарасы» учаскесімен қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Перейти к новостям спорта