Республикалық санитарлық авиацияны үйлестіру орталығының таныстырылымы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық санитарлық авиацияны үйлестіру орталығының таныстырылымы болып өтті

Республикалық санитарлық авиацияны үйлестіру орталығының таныстырылымы болып өтті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында

  • 27 Маусым 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

көлік авиациясын дамыту есебінен еліміздің алыс және бару қиын аудандарында тұратын халыққа көрсетілетін медициналық көмекті сапалық жаңа деңгейге көтеру жоспарланып отыр,

деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Осы мақсатта республикалық бюджет қаражаты есебінен 50 жылжымалы медициналық кешен (оның 11-і қазіргі уақытта тұрғындарға консультативтік кеңес беруде), 16 тікұшақ сатып алу, 3 пойыз-емхананы іске қосу жөнінде шешім қабылданды. Қазір «Жәрдем» және «Денсаулық» пойыздары еліміздің өңірлерінде жұмыс істеуде.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында бүгін Астана қаласында Ұлттық медициналық холдинг базасында Республикалық санитарлық авиацияны үйлестіру орталығының таныстырылымы болып өтті. Шараға ҚР Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко, ҚР Көлік және коммуникация министрі Б.С. Қамалиев қатысты.

Республикалық санитарлық авиацияны үйлестіру орталығының негізгі міндеті әуе санитарлық көлігін пайдалана отырып, тұрғындарға жедел медициналық және консультативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру болып табылады. Орталық өз қызметін Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Көлік және коммуникация министрліктерімен өзара байланыста әрекет ету арқылы республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырады.

Шара аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божко, ҚР Көлік және коммуникация министрі Б.С. Қамалиев «Трассалық медициналық-құтқару бекеттерінің жауапкершілігі аумағындағы жол-көлік апаттары кезінде өзара іс-әрекет ету тәртібі туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Осылайша, санитарлық авиацияны дамыту республикалық та, облыстық та маңыздағы трассаларда жол-көлік апаттары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмекті дер кезінде көрсету және жол қозғалысы қауіпсіздігінің бірқатар проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар