Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы өтеді

Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ІV республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсын өткізеді. Конкурс еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау және Тәуелсіздіктің тарихи маңыздылығы мен жаңа Қазақстанның қалыптасуын айшықтайтын жаңа туындыларды шығаруды ынталандыруға бағытталып отыр.

  • 9 Ақпан 2013
  • 748
Фото - Caravan.kz

Аталған конкурс бірқатар аталымдар бойынша өткізіледі. Атап айтқанда, бірінші — ең үздік ірі және шағын көлемді музыкалық шығарма. Оған көпактілі опера, көпактілі балет, көпактілі музыкалық комедия, симфониялық, халық аспаптары, үрмелі және камералық оркестрлер үшін оркестрлік шығармалар, жеке әнші, хор және оркестр үшін оратория, жеке әнші, хор және оркестр үшін кантата, фортепиано мен дауысқа арналған вокалдық циклдар, романстар, сүйемелдеусіз хорға арналған шығармалар, шекті аспаптар квартетіне, үрмелі-ағаш аспаптары квинтетіне арналған шығармалары кіреді.

Екінші аталым — ең үздік балалар әні. Үшінші — балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік драмалық шығарма. Төртінші аталым -кескіндеме, графика және мүсін.

Конкурсқа белгіленген аталымдар шеңберінде жеке авторлардың немесе авторлық ұжымдардың шығармалары қабылданады. Ұсынылатын шығармалар бұрын-соңды орындалмаған және жарияланбаған жаңа шығарма болуы керек.

Авторлар бір немесе бірнеше аталымға қатыса алады. Әр аталым бойынша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады. Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылдың IV тоқсанында шығарылады. Ең үздік деп танылған шығармаларға ақшалай сыйлықтар тағайындалады деп күтілуде. Ал конкурсқа құжаттар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде жіберілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың қатарында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен берілген зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы шарт.

Перейти к новостям спорта