Республикалық ұланның Президенттік оркестрі Петропавлда концерт береді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық ұланның Президенттік оркестрі Петропавлда концерт береді

Республикалық ұланның Президенттік оркестрі Петропавлда концерт береді

Бүгін Петропавлда Н.Погодин атындағы драма театры ғимаратында Республикалық ұланның Президенттік оркестрі концерт қояды. Елордалық өнер ұжымы алғаш рет Қазақстан аймақтары бойынша гастрольдік сапарға шығуды бастады. Петропавл қаласынан бұрын оркестр Көкшетау қаласының Мәдениет үйінде концерт берген болатын.

  • 22 Қазан 2010
  • 633
Фото - Caravan.kz

Республикалық ұланның Президенттік оркестрі Қазақстанның хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шараларында музыкалық бөлімді ұйымдастырады. Ол әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанрында өнер көрсететін шығармашылық ұжым болып табылады.

Оркестр әртістері ТМД, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малайзия, Мысыр, Үндістан және де басқа да әлем елдерінің сахналарында өнер көрсеткен.

Перейти к новостям спорта