Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған туристі құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған туристі құтқарды

Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған туристі құтқарды

23-тамызда Шымбұлақ шаңғы базасының аймағында Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған 18 жастағы туристі құтқарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Республикалық жедел құтқару отрядынан хабарлады.

  • 25 Тамыз 2003
  • 474
Фото - Caravan.kz

Әуесқой жиҺанкездердің бірі өзінің шыңға өрмелеу қабілетін тексермек болып өзі жалғыз 35 метрлік шыңның басына шыққан. Алайда шеттері опырылып түсе бастаған шыңнан ол қайтадан түсе алмай қалады. Сөйтіп жігіттің достары құтқарушыларды шақырған. Шақыру бойынша жеткен құтқарушылар оны 10 минуттың ішінде шың басынан түсіріп алды.

Отряд бастығы Әлихан Көбжановтың айтуынша, жаз бойы осындай 10 оқиға тіркелген. Олардың барлығында да құтқарушылар төтенше жағдайдан зардап шеккендерге санаулы уақыттарда қол ұшын берді.

Соңғы жаңалықтар