Caravan Logo

Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған туристі құтқарды

Республикалық жедел құтқару отрядының қызметкерлері шыңнан түсе алмай қалған туристі құтқарды

Әуесқой жиҺанкездердің бірі өзінің шыңға өрмелеу қабілетін тексермек болып өзі жалғыз 35 метрлік шыңның басына шыққан. Алайда шеттері опырылып түсе бастаған шыңнан ол қайтадан түсе алмай қалады. Сөйтіп жігіттің достары құтқарушыларды шақырған. Шақыру бойынша жеткен құтқарушылар оны 10 минуттың ішінде шың басынан түсіріп алды.

Отряд бастығы Әлихан Көбжановтың айтуынша, жаз бойы осындай 10 оқиға тіркелген. Олардың барлығында да құтқарушылар төтенше жағдайдан зардап шеккендерге санаулы уақыттарда қол ұшын берді.