Республикамызда "Құқық пен тәртіп" шарасының қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикамызда "Құқық пен тәртіп" шарасының қорытындысы шығарылды

Республикамызда "Құқық пен тәртіп" шарасының қорытындысы шығарылды

12-18-сәуір аралығында республикамызда жедел алдын-алу мақсатындағы "Құқық пен тәртіп" шарасы өткізілді.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 359
Фото - Caravan.kz

KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, шара барысында 4528 қылмыстың, соның ішінде кісі өлтіруге қатысты 37 қылмыстың беті ашылды. Іздеуде жүрген 457 қылмыскер ұсталып, тонаушылар айдап әкеткен 75 автокөлік табылды. 104 кило түрлі есірткі заттары тәркіленді. 182 қару заңсыз айналымнан шығарылып, жарылғыш заттар мен құралдарды заңсыз сақтауға қатысты 45 дерек әшкереленді. Соның ішінде 14 граната табылды. Төлқұжат тәртібін тексеру барысында 2 мыңдай заңсыз мигрант табылып, олардың жартысы елден шығарылды.

«Құқық пен тәртіп» шарасына ішкі істер мекемелеренің күш-құралдары жаппай жұмылдырылып, олар шара барысында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. «Құқық пен тәртіп» шарасы барысында есірткі таратуға жол бермеу, қылмыскерлерді іздестіру, заңсыз мигранттар мен заңсыз сақталған қаруды әшкерелеуге баса назар аударылды.
Шараларға ҚР ІІМ-нің орынбасары, полиция генерал-майоры Алик Шпекбаев басқарған ҚР ІІМ-нің арнайы штабы басшылық жасады.

Соңғы жаңалықтар