Республикамыздың ішкі рыногын қорғау үшін Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынды - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикамыздың ішкі рыногын қорғау үшін Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынды - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

Республикамыздың ішкі рыногын қорғау үшін Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынды - ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі

Қазақстаннан (соның ішінде Қырғызстанға да) мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салу шарасы тек республикамыздың ішкі рыногын қорғау үшін ғана қолданылды. Бұл туралы бүгін, 12-желтоқсанда Астанада өткен үкіметаралық Қазақстан-Қырғызстан бірлескен комиссиясының үшінші отырысы барысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 508
Фото - Caravan.kz

В.Школьник мұндай мәлімдемені Қырғызстан сыртқы сауда және өнеркәсіп министрі Садриддин Жиенбековтың «Қазақстан тауарларын Қырғызстанға шығаруға тыйым салынуына байланысты екі ел арасында проблемалар туындап отыр» деген ескертпесіне жауап ретінде жасады.

Өз кезегінде В.Школьник «Қазақстан шын мәнінде тауар шығаруға шектеу қойып отыр, бірақ бұл бірінші кезекте мұнай өнімдеріне қатысты» деп атап көрсетті. Министрдің осыған қатысты түсініктемесіне жүгінсек, «елімізде либералды экономиканың дамуына байланысты мұнай өнімдерінің бағасы Еуропадағы бағамен салыстырғанда 2-3 есе арзан. Сол себепті мұнай өнімдерін елден шығару ел ішіндегі бағаға әсер ететіндіктен Қазақстан өз рыногын қорғауға мәжбүр».
В.Школьниктің айтуынша, жергілікті бюджеттер бағаның шұғыл өзгерісіне төтеп бере алмайтын қыс маусымында мұндай әсер тіптен айқын байқалады. «Сол себепті біз рынокты қорғаудың бірден-бір жариялы мүмкіндігі болып табылатын тыйым салу шарасына барып, елден мазут шығаруға шектеу қоюға мәжбүрміз. Ал тоннасы 160-180 долларды құрайтын мазут бағасы тым жоғары болғандықтан, елімізде мазутқа деген ұсыныс сұраныстан арта алмайды»,- деді ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі. Осы орайда В.Школьник бұл шаралар «бауырлас Қырғыз еліне ғана қатысты емес, елімізден мұнай өнімдерін алатын барлық елдерге қатысты қолданылып отыр» деп атап көрсетті.
«Ал екі жақты қарым-қатынастар мен тікелей Қырғызстанға арнап тауар сату мәселесіне келсек, біздің комиссия дәл осы мақсатпен құрылып отырған жоқ па»,- деді В.Школьник.
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, биылғы жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 153,7 млн. долларды құрап, 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 30 процентке артқан.

Соңғы жаңалықтар