Республикамызға Германиядан инвестиция тартуға қажетті жағдайлардың барлығын Қазақстан жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикамызға Германиядан инвестиция тартуға қажетті жағдайлардың барлығын Қазақстан жасайды

Республикамызға Германиядан инвестиция тартуға қажетті жағдайлардың барлығын Қазақстан жасайды

"Республикамызға Германиядан инвестиция тартуға қажетті жағдайлардың барлығын Қазақстан жасайды". Бүгін, 5-желтоқсанда Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 588
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының пікірінше, «екі жақты іскерлік байланыстарды нығайтуға септігін тигізетін бағыттар сан-салалы». «Германияда автокөлік жасау, құрал-жабдықтар жасау, электротехника, фармацевтика, металлургия, химия, көлік және коммуникация, жоғары технологиялар саласы дәстүрлі озық дамығанын ескере отырып, экономиканың дәл осы салаларындағы бірлескен бизнесті дамытуға өз басым қолдау білдірер едім»,- деді Елбасы.

Ол осы орайда Қазақстан тарапынан Германияның » жоғары технологиялық өнімдер өндірумен шұғылданатын шағын және орта бизнес саласындағы кәсіпорындарды қолдау, сауда-ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, өнім экспорттау бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ, осы салалардағы мамандарды дайындау» тәжірибесіне аса қызығушылық танытылып отырғаны айтылды.
Бүгінгі бизнес форум аясында Германиялық кәсіпкерлерге Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалымен және инвестициялық іс-қызмет үшін өзара перспективалы ынтымақтастық бағыттарымен танысу мүмкіндігі беріледі,- деді Н.Назарбаев. Сөз соңында ол бизнес-форум жұмысы оңды нәтижелерге қол жеткізеді дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар