Республиканың арнаулы қызметтері саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпараттардан хабардар - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың арнаулы қызметтері саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпараттардан хабардар

Республиканың арнаулы қызметтері саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер туралы ақпараттардан хабардар

"Сайлау алдындағы додаға қатысушы кейбір жекелеген "қызу қанды адамдардың" еліміздегі саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге арандату мүмкіндігі бар. Осындай сипаттағы шұғыл ақпараттар бізге келіп түсуде". Бұл туралы бүгін, 16-қарашада ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев Орталық Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекеттік шекараны қорғау құрылымдары мен құқық қорғау мекемелерінің, қауіпсіздік қызметтерінің жетекшілері кеңесінің төртінші отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Н.Дүтбаевтың мәлімдеуінше, «ахуалды ушықтыруға, тұрақсыздыққа бағытталған кез-келген әрекетке республиканың құқық қорғау мекемелері қатаң тосқауыл қоятын болады».

ҰҚК-нің төрағасы Қауіпсіздік кеңесінің бір отырысында өзіне Қазақстан аумағында «түрлі-түсті төңкеріс болу» мүмкіндігі туралы сауал қойылғанын еске салды. «Осы мерзімде менің тұжырымым өзгерген жоқ. Еліміздің азаматтары қандай болмасын төңкеріске үзілді-кесілді қарсы. Бұл — ортақ пікір дегенді үлкен жауапкершілікпен айта аламын»,- деді Н.Дүтбаев.

Перейти к новостям спорта