Жарияланды: 330

Республиканың басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады - 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады - 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ орнап, боран соғып, жел күшейеді.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында боран, көктайғақ болады, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, Қостанай облысының жекелеген аудандарында тұман түседі. Павлодар, Ақмола облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде боран болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-22 м/с-қа дейін жел күшейеді. Маңғыстау облысында тұман түседі. Жамбыл, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Атырау облысында 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін