Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады

Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 22 Маусым 2011
  • 614
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні Астанада ала бұлтты, кейде жауын жауады, солтүстік- батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +17+20 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+30 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде тек Қостанай облысында күн ашық, ауа температурасы +21+26 градус. Солтүстік Қазақстан облысында өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +15+20 градус, Ақмола облысында жауын жауып, Павлодар облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше, +15+20 және +18+23 градус болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, күндіз ауа температурасы +20+25 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-22 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +21+26 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде Алматы облысында күн күркіреп, жауынды болады, жел 15-22 м/с, ауа температурасы +28+33 градус болады. Кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, ауа температурасы +28+33 градус болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облысында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +29+34 және +30+35 градус болады. Қызылорда облысында да жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с, ауа температурасы +30+35 градус болады.

Қазақстанның батысында Маңғыстау облыстарында ғана күн ашық, 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32 градус, Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, жел 15-20 м/с-қа дейі күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Атырау облысында да өтпелі жауын жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-22 м/с, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы сәйкесінше, +22+27, +25+30 және +28+33 градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қызыорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның басқа өзен көлдерінде елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар