Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жауады

Республиканың басым аумағында күн күркіреп, жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жауады

Сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-жауынсыз, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 21 Маусым 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +18+20 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы +28+30 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде тек Ақмола облысында жауын жауып, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы +15+20 градус. Солтүстік Қазақстан облысында өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +14+19 градус, Павлодар, Қостанай облыстарында да күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +20+25 және +18+23 градус болады.

Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, күндіз ауа температурасы +19+24 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +23+28 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде Алматы облысында күн күркіреп, жауынды болады. Кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, ауа температурасы +28+33 градус болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32, +28+33 және +30+35 градус болады.

Қазақстанның батысында Ақтөбе облыстарында күн ашық, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 градус, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, жел 15-22 м/с-қа дейі күшейеді, ауа температурасы сәйкесінше, +30+35, +28+33 және +25+30 градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қызыорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның басқа өзен көлдерінде елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар