Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады - 27 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалы сақталады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. |
Тек еліміздің батысына Мәскеу аудандарынан антициклон ауысады, соған байланысты қар жауады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алматы облысы Алакөл өзенінің ауданында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді деп күтілуде. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ орнайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында, түнде Қарағанды облысында, таңертең және күндіз Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жекелеген жерлерде аздаған қарлы бұрқасын болып, түнде тұман түседі.
Алдағы тәулікте еліміздің батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық сулы нысандарында және оңтүстік-шығыстың жекелеген өзендерінде мұз қату үрдісі байқалады. Соған байланысты елдің шығыс өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Алматы облысының өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін