Республиканың көптеген облысында күн суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың көптеген облысында күн суытады

Республиканың көптеген облысында күн суытады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

  • 13 Қараша 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ болады. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облысында күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13…18, кей жерлерде 20…25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен. Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы болады, — делінген хабарламада.

13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 14 қарашада солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетпек.