Жол апаты облыстың Қарасай ауданында, Алматы-Бішкек тас жолының 38 шақырымында болды. «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі көліктің тізгініне ие бола алмай, оны аударып алды. Жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, оның төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Адамдар өліміне апарып сооққан тағы бір жол апаты Жамбыл облысында Алматы-Ташкент автожолының 289 шақырымында болды. «КамАЗ» бен «Жигулидің» соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның 27 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды.