Күн райын болжаушылардың хабарлауынша, 22-тамызда Алматы, Жамбыл және Алматы облысындағы таулардан бастау алатын өзендерде нөсерге байланысты су тасқыны болып, сел жүруі мүмкін. Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшыларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдану тапсырылды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.